Сыныптан тыс сабақ өткізілді. 22.01.2019.
Екі топ қатысты:ТМ-15,ГЭМ-16.
«Латын әліпбиіне көшу- қазіргі заман талабы» тақырыбында 3 курс студенттері арасында дөңгелек стол өткізілді. Мақсатымыз латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.
Студенттермен «Латын әліпбиінің тиімділігі неде?» атты пікір талас өткізіліп, латын әліпбиінің тиімділігі жайлы ой қозғалды. Тау-кен мен машина жасау тобының студенттері дүниежүзі халықтарының сексен пайызы осы әліпбиге көшкен. Біздің еліміз латын әліпбиіне кіру арқылы,осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Латын тілі-ғаламтор тілі,жаңа технология тілі, медицина саласының тілі, еліміздің әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену жолына ашылар есік болар деген пікірлерін ортаға салды.
Студенттермен кеспе латын әріптерінен тез сөз құрастыру, өз есімдерін жазу сияқты сайыс ойындар өткізілді. Латын графикасына көшудің тиімді де пайдалы тұстары туралы ойларын тыңдап, сабақтарда жаңа әліпби нұсқасымен таныстыру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі арқасында студенттеріміздің бүгінгі ойларынан латын әліпбиіне көшудің маңызды екенін түсінгендері таң қалдырды. Әрине, пікір сайыс болғасын кері жауаптар да болады.
Сыныптан тыс сабақты құрастырып, дайындап өткізгендер Нартаева Сара Табанқызы мен Жакина Манар Сактаганқызы.
Нартаева Сара Табановна
Рудный политехникалық колледжінің
кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушысы