ТӨЗІМДІЛІК ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ — ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ РУХАНИ ҚАЛҚАН

Бүгінгі алмағайып заманда жастардың діни экстремизмнің мәнін терең ұғып, түрлі ұлт пен дін өкілдеріне құрметпен қарауы — қоғамдағы бейбітшілік пен татулықтың алтын діңгегі. Төзімділік, өзара сыйластық пен заңға деген көзқарастың орнықты болуы — ел іргесінің бүтін, берекенің баянды болуына негіз болады.

Осы мақсатта 14 қазан күні Рудный политехникалық колледжінде 1-курс студенттері (75 адам) мен құзырлы орган өкілінің мазмұнды кездесуі өтті. Қостанай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жаслан Сақтағанов жастарға діни қауіпсіздік саласындағы заңнаманың өзекті тұстарын түсінікті тілмен жеткізіп, діни әдебиетті заңсыз тарату мен радикалды ағымдардың жетегіне ерудің салдары туралы жан-жақты мәлімет берді. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы мен ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы аясындағы жауапкершілікке де нақты тоқталды.

Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін нығайтып қана қоймай, олардың жүрегіне елге, жерге, көпұлтты қоғамға деген сүйіспеншілік пен құрмет ұялатады.

Өз құқығын білетін, өзгенің құндылығына төзіммен қарайтын ұрпақ — кез келген жікшілдік пен жат пиғылға қарсы тұрар сенімді қорған.

(Русский) ПРАВОВАЯ ГРАМОТНОСТЬ — КЛЮЧ К АКТИВНОЙ ГРАЖДАНСКОЙ ПОЗИЦИИ

Извините, этот техт доступен только в “Русский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Правовая грамотность — важный инструмент для активного и ответственного гражданина. Именно с этого посыла начался семинар-тренинг «Базовый курс по правам человека», который прошёл в тёплой и живой атмосфере в Зале Республики Рудненского политехнического колледжа.

Мероприятие собрало около 50 студентов 1-2-3 курсов из фракции «право и порядок», заинтересованных в повышении уровня правовой культуры. В ходе тренинга общественным деятелем, предпринимателем, выпускником нашего колледжа — Геннадием Ипатовым были раскрыты ключевые аспекты прав человека, проведены интерактивные задания и разбор практических кейсов.

Особое внимание было уделено роли молодежи в построении правового государства. Спикер подчеркнул: знание прав — это не только защита собственных интересов, но и вклад в развитие общества.

Понимание своих прав и обязанностей формирует активную гражданскую позицию, помогает принимать ответственные решения, защищать себя и других. Это основа уверенности, самостоятельности и готовности строить справедливое общество.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ «TAZA QAZAQSTAN»: ТАЗАЛЫҚ — ӘРКІМНІҢ ІСІ!

Экологиялық мәдениет — бұл жай ғана сәнді үрдіс емес, ұлт саулығы мен болашақ ұрпақтың игілігінің негізі. Айналадағы тазалықты сақтай отырып, әрбір адам ортақ іске — табиғатты қорғауға және өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосады.

11 қазанда Рудный политехникалық колледжінің К-24-Тасымалду ұйымдастыру және қозғалысты басқару тобының студенттері мемлекет басшысының бастамасын қолдап, республикалық «Taza Qazaqstan» акциясына белсене қатысты.

Біз көп болмасақ та (10 АДАМ), тиімді жұмыс атқардық — ұйымшыл топ болып, студенттер мен оқытушылар бекітілген аумақты ретке келтіріп, тазалық — бұл біреудің міндеті емес, әркімнің қатысуы екенін көрсетті.

Мұндай игі істер тек көшені көріктендіріп қоймай, жүректерді жақындастырып, әр азаматтың бойында экологиялық жауапкершілік пен саналы көзқарасты қалыптастырады. Әрбір ізгі қадам — үлкен өзгерістердің бастауы. Өзгерісті өзіңнен баста — сонда әлем де тазарады, табиғат та жайнай түседі!

БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖЕТІСТІГІ — ОТБАСЫ МЕН КОЛЛЕДЖ ӘРІПТЕСТІГІНДЕ

26 қыркүйекте Рудный политехникалық колледжінде «Балаларымыздың жетістігі — отбасы мен колледж әріптестігінде» тақырыбында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.

Іс-шараға әкімшілік, оқытушылар және студенттердің ата-аналары қатысты. Колледж директоры А.Н. Сагнаев кіріспе сөз сөйлеп, 2024–2025 оқу жылының қорытындысын шығарып, алдағы кезеңнің негізгі міндеттерін атап өтті.

Оқу үрдісінің ерекшеліктері мен бірінші курс студенттерінің бейімделу мәселесін тау-кен тасымалдау бөлімінің меңгерушісі Ю.П. Лазебная баяндады. Ол өз сөзінде: бірінші оқу жылы болашақ кәсіби және жеке табыстың негізі болатынын атап өтті.

Құқықбұзушылықтың алдын алу және студенттердің қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді шақырылған спикерлер талқылады:

  • Рудный қалалық прокуратурасының аға прокуроры М.Т. Сарсенбаев интернет-алаяқтық және жастардың «дроппер» сызбаларына тартылу қаупі туралы айтты.

  • Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Н.К. Жайберген есірткі тұтынудың алдын алу тақырыбында сөз сөйлеп, отбасы мен мемлекеттің бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

  • Педагог-психолог Ю.Н. Кулиш ата-аналардың назарын дәрі-дәрмектен улану мәселесіне аударып, алдын алу бойынша практикалық кеңестермен бөлісті.

Жалпы бөлімнен кейін жұмыс топтарда жалғасты. Ата-аналар сынып жетекшілерімен оқу жылының қорытындысын, болашағын талқылап, «Тәртіптің ең керемет мектебі – бұл отбасы» семинарына және ата-аналар комитетін сайлауға қатысты.

📌 Жиын қорытындысы дәлелдеді: студенттердің толыққанды тәрбиесі мен табысты болашағын тек отбасы мен колледж әріптестігі арқылы қамтамасыз етуге болады.