Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны әдіскер, бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, лауазымдық жалақысы 132550 теңгеден 159805 теңгеге дейін.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі 34, тел. 87143144721,  rptk-sekretar@rptk.edu.kz

Лауазымдық міндеттері:

– Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және талдайды.

– Озық педагогикалық тәжірибені анықтау, жинақтау және енгізу бойынша әдістемелік және циклдік комиссиялардың, білім беру ұйымының кафедраларының жұмысын үйлестіреді.

– Оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты бақылайды, жұмыс оқу-жоспарлау құжаттамасын жасауға қатысады.

– Озық педагогикалық тәжірибені анықтайды және жинақтайды, оқытудың инновациялық-дамытушы элементтерін, Үздік педагог – инноваторлардың жұмыс тәжірибесін практикаға енгізеді, педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламаларды, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуге жәрдемдеседі.

– Білім беру процесі мен әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

– Оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау семинарларын, конференцияларын, курстарын дайындауға және өткізуге қатысады. Ашық сабақтар өткізуді және оларды талқылауды ұйымдастырады.

– Белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.

– Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

– Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарын орындайды.

– Міндетті жыл сайынғы медициналық тексеруден өтеді.

– Педагогикалық этика ережелерін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-модератордың, педагог – сарапшының, педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы.Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және тәрбиелеу әдістемесін, білім педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін, заманауи педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістері; педагогикалық этика нормаларын; еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын.

Конкурсқа қатысу үшін комиссия белгілеген мерзімде педагог лауазымына кандидат ұсыну қажет:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтердің Үлгілік біліктілік сипаттамалары бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

8) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты(ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог – сарапшының, педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

Осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

Көрсетілген құжаттар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 34 мекенжайы бойынша хабарландыру шыққан сәттен бастап сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін 7 жұмыс күні ішінде беріледі. Анықтама телефондары: 87143144721, 87143144509 Электрондық мекен-жайы: rptk-sekretar@rptk.edu.kz