Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Рудный политехникалық колледжі» КМҚК

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны педагогтың (әлеуметтік педагог) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны педагогтың (әлеуметтік педагог) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, лауазымдық жалақысы 109013 теңгеден 129723 теңгеге дейін. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі 34, тел. 87143144721, rptk-sekretar@yandex.kz

Лауазымдық міндеттері:

– Колледжде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және ескерту бойынша; тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.

– Білім алушылар тұлғасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның микроорталарын, өмір сүру жағдайларын зерделейді.

– Білім алушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, қиындықтары мен проблемаларын, жанжал жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.

– Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік мәселелерін шешу тәсілдерін анықтайды.

– Білім алушылардың жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды.

– Білім алушылардың жеке басы мен мекеме, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады.

– Колледжде және тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін білім алушыларды тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.

– Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

– Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүгедек балаларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.

– Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады, дұрыс және уақтылы есеп беру үшін тегін тамақ алған білім алушыларды күнделікті есепке алуды жүргізеді, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

– Рудный қаласының (жатақхана, пәтер) аумағында тұратын басқа қаладан келген білім алушылардың тұруын бақылауды жүзеге асырады.

– Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды.

– Әлеуметтік ортада өнегелік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.

– Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

– Мұғалімдермен, ата-аналармен және басқа да заңды өкілдермен өзара әрекеттеседі.

– Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

– Білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.

– Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

– Жыл сайынғы міндетті медициналық тексеруден өтеді.

– Педагогикалық этика ережелерін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-модератордың, педагог – сарапшының, педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және тәрбиелеу әдістемесін, білім педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін, заманауи педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістері; педагогикалық этика нормаларын; еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын.

Конкурсқа қатысу үшін комиссия белгілеген мерзімде педагог лауазымына кандидат ұсыну қажет:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтердің Үлгілік біліктілік сипаттамалары бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

8) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты(ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог – сарапшының, педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

Осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

Көрсетілген құжаттар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 34 мекенжайы бойынша хабарландыру шыққан сәттен бастап сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін 7 жұмыс күні ішінде беріледі. Анықтама телефондары: 87143144721, 87143144509 Электрондық мекен-жайы: rptk-sekretar@yandex.kz

(Русский) Вакансия

Извините, этот техт доступен только в “Русский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.