Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны педагог-ұйымдастырушы, бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, лауазымдық жалақысы 124586 теңгеден 148300 теңгеге дейін.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі 34, тел. 87143144721,  rptk-sekretar@rptk.edu.kz

Лауазымдық міндеттері:

– білім беру ұйымдары білім алушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасайды;

– дарындылықты, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

– клубтардың, үйірмелердің, секциялардың, жастар (студенттік) бірлестіктерінің жұмысын, білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастырады;

-ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және т. б. бағыттардың бірін басқарады;

– білім алушының қолданыстағы заңнамаға сәйкес қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;

– пікірталас, студенттік парламент, кештер, мерекелер, сапарлар, экскурсиялар ұйымдастырады, білім алушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;

– білім алушылардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;

– іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

– компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

– еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарын орындайды.

– міндетті жыл сайынғы медициналық тексеруден өтеді.

– педагогикалық этика ережелерін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-модератордың, педагог – сарапшының, педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы.Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын,  педагогика және психология, физиология, гигиена, тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;

педагогикалық этика нормалары;

жастар (студенттік) ұжымдары, ұйымдары мен қауымдастықтары қызметінің негіздері;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитарлық, өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.Конкурсқа қатысу үшін комиссия белгілеген мерзімде педагог лауазымына кандидат ұсыну қажет:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтердің Үлгілік біліктілік сипаттамалары бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

8) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты(ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог – сарапшының, педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

Осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

Көрсетілген құжаттар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 34 мекенжайы бойынша хабарландыру шыққан сәттен бастап сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін 7 жұмыс күні ішінде беріледі. Анықтама телефондары: 87143144721, 87143144509 Электрондық мекен-жайы: rptk-sekretar@rptk.edu.kz