Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, лауазымдық жалақысы 192190 теңгеден 233600 теңгеге дейін.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі 34, тел. 87143144721, rptk-sekretar@yandex.kz

Лауазымдық міндеттері:

– Білім беру ұйымын цифрландыру, ақпараттандыру оны ресурыстық қамтамассыз ету, оқу және басқару қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану үрдісін жүзеге асыруды ұйымдастырды.

– оқу прцесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізеді және пайдаланады, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін.

– білім беру және басқару қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланысты орнатады.

-ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша педагогикалық және басқарушы кадрлады оқытуды ұйымдастырады.

– білім беруді ұйымдастырудағы процестерді цифрландыруды қамтамассыз ету.

– ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік және инновациялық жұмыстар жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.

– оқу-материалдық базаны қамтамассыз ету, сақтау және жақсарту, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

– санитарлық-гигиеналық ережелердің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамассыз етеді.

– белгіленген есеп беру құжаттамасын уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

-білім беру процесінің барлық субъектілерінің, соның ішінде балалар, отбасыларының қатысуымен ұйымға «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді.

-педагогтер, білім алушылар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.

– әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің жауапкершілігі жүктелді.

– Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарын орындайды.

– Жыл сайынғы міндетті медициналық тексеруден өтеді.

– Педагогикалық этика ережелерін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Директордың ақпараттық технолгиялар жөніндегі орынбасарының сала бойынша жоғарғы білімі және әкімшілік жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болу керек. Білім беру ұйым басшысы орынбасарларының бірініші немесе екінші лауазымының біліктілік санаты, сарапшыдан төмен емес педагогтік біліктілік санаты болуы тиіс.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және тәрбиелеу әдістемесін, білім педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін, заманауи педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістері; педагогикалық этика нормаларын; еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын.

Конкурсқа қатысу үшін комиссия белгілеген мерзімде педагог лауазымына кандидат ұсыну қажет:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтердің Үлгілік біліктілік сипаттамалары бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

8) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты(ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог – сарапшының, педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

Осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

Көрсетілген құжаттар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 34 мекенжайы бойынша хабарландыру шыққан сәттен бастап сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін 7 жұмыс күні ішінде беріледі. Анықтама телефондары: 87143144721, 87143144509 Электрондық мекен-жайы: rptk-sekretar@yandex.kz