РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ «TAZA QAZAQSTAN»: ТАЗАЛЫҚ — ӘРКІМНІҢ ІСІ!

Экологиялық мәдениет — бұл жай ғана сәнді үрдіс емес, ұлт саулығы мен болашақ ұрпақтың игілігінің негізі. Айналадағы тазалықты сақтай отырып, әрбір адам ортақ іске — табиғатты қорғауға және өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосады.

11 қазанда Рудный политехникалық колледжінің К-24-Тасымалду ұйымдастыру және қозғалысты басқару тобының студенттері мемлекет басшысының бастамасын қолдап, республикалық «Taza Qazaqstan» акциясына белсене қатысты.

Біз көп болмасақ та (10 АДАМ), тиімді жұмыс атқардық — ұйымшыл топ болып, студенттер мен оқытушылар бекітілген аумақты ретке келтіріп, тазалық — бұл біреудің міндеті емес, әркімнің қатысуы екенін көрсетті.

Мұндай игі істер тек көшені көріктендіріп қоймай, жүректерді жақындастырып, әр азаматтың бойында экологиялық жауапкершілік пен саналы көзқарасты қалыптастырады. Әрбір ізгі қадам — үлкен өзгерістердің бастауы. Өзгерісті өзіңнен баста — сонда әлем де тазарады, табиғат та жайнай түседі!