“Сен менің жадымдасың Ауғанстан”
Рудный политехникалық колледжі кітапханасының оқу залында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан аумағынан шығару аяқталғанына 36 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.
Іс – шараға Ауған соғысының қатысушылары: Гончаров Олег Эдуардович, Киянов Александр Викторович, Матвиенко Виктор Николаевич және қалалық Ауған жауынгерлері бірлестігінің төрағасы Бурцев Петр Николаевич шақырылды. Сол оқиғалардың қатысушылары ешкімді бей-жай қалдырмаған естеліктерімен бөлісті, білім алушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Еске алу кешінде сол соғыстан оралмаған рудныйлық жауынгерлер: С. Н.Болотниковты, А. В. Мельниковты, А. В. Цепконы, С. В. Подоскинді және, әрине, РПТК – нің бұрынғы студенті О. И. Горгуленконы еске алды.
Мұндай іс-шаралар жастарға өткеннің драмалық сабақтарын, әрбір адам өмірінің нәзіктігі мен баға жетпес құндылығын еске салу ретінде қажет.