«Менің мамандығым. Менің өндірістегі тәжірибем» халықаралық қатысумен республикалық тәжірибелік конференция
Жұмысшы кадрлар – еліміздің болашағы!
2024 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті «Жұмысшы мамандықтар жылын жарялау туралы» Жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде реформалауды жүзеге асыру қажет. Жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамдағы еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеяларын ілгерлетуге ықпал ететін болды»
Рудный политехникалық колледжінде жұмысшы мамандықтар жылы ауқымды іс-шарамен атап өтілді. 2025 жылғы 31 қаңтарда Рудный политехникалық колледжінде «Менің мамндығым. Менің өндірістегі тәжірибем» атты халықаралық қатысуымен республикалық практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаты, ол жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға жәрдемдесу болды. Конференцияға қатысушылар – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері кәсіби қызмет нәтижелерін ұсынды, сонымен қатар өндірістік тәжірибеден өту тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияға 30 колледжден барлығы 104 білім алушы қатысты, оның ішінде Қостанай облысының 19 колледжі, республикалық 5 колледжі, Ресей Федерациясының 6 колледжі. 98 баяндама тыңдалды, оның ішінде 39 қатысушы Яндекс-Мост платформасы арқылы онлайн-форматта сөз сөйледі: Арқалық, Павлодар қалалары, Ақтөбе облысы, Астана қаласы, Ресей колледждері мен студенттері.
Конференция жұмысы 12 секциядан өтті. Қатысушылар әлеуметтік серіктестерінің кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өту нәтижелерін ұсынды, сонымен қатар ұсыныстарын бере отырып, тәжірибелік оқытудың оң және теріс жақтарын көрестті. Конференция ең жоғары деңгейде өтті.