2025 жылдың 1 ақпанынан бастап «#ОқыЖәнеЖең» атты III облыстық онлайн – оқу байқауы басталады

«#ОқыЖәнеЖең»

2025 жылдың 1 ақпанынан бастап «#ОқыЖәнеЖең» атты III облыстық онлайн – оқу байқауы басталады. Байқаудың әрбір қатысушысының кітап оқып қана қоймай, ол үшін 50000-нан 150000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтар алуға мүмкіндігі бар.

Байқауға қатысу үшін барлық ниет білдірушілер 2025 жылғы 1 ақпанынан 1 наурызға дейін байқаудың http://kitap10.kz  ресми сайтында тіркеліп, сайтта көрсетілген сілтеме бойынша Telegram-дағы жас санаттары тобына өтіп,  белгіленген мерзімде қазылар мен тартылған сарапшылар өз санаттары үшін таңдаған кітаптарды қазақ немесе орыс тілдерінде оқып шығып, белгіленген  күні онлайн-тестілеуден өтуі қажет. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар алады.

Колледж кітапханашылары білім алушыларды осы конкурсқа белсенді қатысуға шақырады.