Интеллект және мансап: жұмыс берушілер күні жастар мен кәсіпқойларды қалай біріктірді

Қазіргі әлемде жұмыс берушілер күні бизнес қауымдастығын, қызметкерлерді және мансапты енді ғана бастауды жоспарлап отырғандарды біріктіретін маңызды оқиға болды. Жұмыс берушілер күні аясында «ССКӨБ» АҚ өкілдері Рудный поитехникалық колледжінің базасында 2-3 курс студенттері үшін қызықты зияткерлік ойын ұйымдастырды.

Іс-шара өзінің кәсіби дағдылары мен білімін дамытуда 80-нен астам қатысушыны біріктіре отырып, достық пен шабыттандыратын атмосферада өтті.

Іс-шараның ең маңызды сәттерінің бірі, ол зияткерлік сайыстарда үздік нәтиже көрсеткен командаларды марапаттауы болды.

Жеңімпаздарымыз:

1 орын- капитан Примжаров Дамир бастаған К-22-ТПБжА-1 тобының «АВАНГАРД» командасы.

2 орын- капитан Кучеренко Анастасия бастаған К-22-ЭМЖТҚКЖжП-1 тобының «ЭЛЕКТРШЕБЕР» командасы.

3 орын- капитан Васильченко Алина бастаған К-22-ТҰжТЖКҚБ тобының «ИВАННЫҢ БАЛАЛАРЫ»   командасы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!

Айта кету керек, жұмыс берушінің зияткерлік ойындар арқылы әлеуетті қызметкерлермен кездесу форматы барған сайын танымал бола түсуде. Рудный политехникалық колледжінің студенттері тек білімді ғана емес, сонымен қатар командалық өзара әрекеттесудің жоғары деңгейін көрсете отырып, ойынға үлкен ынтамен қатысты.

Эмоциялардың әртүрлілігі — көңілсіздіктен қуанышқа дейін, ашуланшақтықтан бақытқа дейін- қатысушыларды ғана емес, ұйымдастырушылардың өздерін де басып озды, өйткені бұл мұндай іс-шараны өткізудің алғашқы тәжірибесі болды. Алайда, ол сәтті болды және барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.

«ССКӨБ» АҚ ұйымдастырған зияткерлік ойын қазіргі заманғы компаниялардың кәсіпқойлық пен шығармашылықты біріктіре отырып, жастармен өзара байланыс жасауының жарқын үлгісі болды. Мұндай бастамалар кәсіптердің танымал болуына ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар компанияның өз саласының көшбасшысы ретіндегі имиджін нығайтады.

«ССКӨБ» АҚ жұмыс беруші күні жай ғана мереке емес, болашаққа маңызды инвестиция екенін сенімді түрде көрсетеді. Кезегінде, біз РПТК «ССКӨБ» АҚ-ның кадрлардың жаңа буынын қалыптастырудағы сенімді серіктесі болып табылатынын растаймыз.