“Кітап-сарқылмас рухани байлық”
“Біртұтас тәрбие” тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Толеранттылық күні қарсаңында колледж кітапханасында А.Приставкиннің “Ночевала тучка золотая” повесі бойынша “Кітап – сарқылмас рухани байлық”әдеби кейсі өтті. Приставкиннің әйгілі шығармасында мейірімділік, гуманизм, интернационализм және толеранттылық тақырыптары көтерілген. Іс-шараға К-23-ЭЖТҚКЖжП-1, К-23-ЭЖТҚКЖжП -2 топтары және “Вдохновение” әдеби-көркем клубының мүшелері қатысты.
Білім алушыларға тапсырмалары, қосымша материалдары бар кейстер және шығарманың өзі берілді. Іс-шара барысында білім алушылар “Соғыс және балалар” және “Ұлтаралық қатынастар” тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді. “Ночевала тучка золотая” – бұл ешкімді бей-жай қалдырмаған шығарма.