Кітапханадағы өзін-өзі басқару күні
«Кітапханашы- демек креативті»
Қазақстанда 24 қазанда атап өтілетін Кітапханашы күні мерекесі қарсаңында колледж кітапханасында «Кітапханашы- демек креативті» атты Өзін – өзі басқару күні өтті. Іс-шараның мақсаты: кітапханашы мамандығын дәріптеу.
Білім алушылар-дублёрлер: Бектанова Лаура мен Богдан Ярослав кітапхана қызметкерлерінің күнделікті өміріне үңілді. Дублёрлер формулярларды өз бетінше толтырды, оқырмандардың талаптары бойынша кітаптарды тапты, қорды орналастыру ережелерін білді, газеттерді тігумен айналысты, іс-шараға презентация дайындады.
Кітапханашылар күні – бұл кәсіби кітапханашылардың ғана емес, кітаптарды жақсы көретін барлық адамдардың мерекесі.