Кітапхана журфикс

“Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы аясында кітапханашылар мен “Вдохновение” әдеби клубының мүшелері колледж оқу залында Рудный ақындары: Витольда Фёдоровна Тресвятская; Галина Сергеевна Банчужная; Татьяна Викторовна Маркова; Владимир Алексеевич Мариков; Татьяна Викторовна Гнедашпен журфикс ұйымдастырды.

Қонақтар К-22-МТ және К-24-ЭМЖТҚКЖжП-1 білім алушыларын өз шығармашылығымен таныстырды. Іс-шарада ақындардың сүйікті өлеңдері оқылды.

Колледж білім алушыларының арасында да таланттар бар. Студент Бернацкая Марина өзі шығарған өлеңдерін оқыды.

Іс-шараға кітапхана қызметкерлері Рудный ақындар шығармаларының кітап көрмесін дайындады.  Жылы кездесу ешкімді бей-жай қалдырмады.