Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Рудный политехникалық колледжі» КМҚК

«ТАЗА СЕССИЯ» – СІЗДІҢ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

Ашық, қолжетімді және адал, осындай ұранмен «Таза сессия-2024» дәстүрлі акциясы басталды. Оның басты мақсаты-емтихан тапсыруға байланысты алаяқтықтың немесе бұзушылықтардың кез-келген түрін болдырмау. «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының бұл бастамасы сессия және қорытынды аттестаттау кезінде академиялық тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған. “Таза сессия” әділ емтихандар өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға арналған.

Акция барысында студенттер мен оқытушылар арасында колледж білім алушыларынан заңсыз ақшалай қаражат жинауға тыйым салу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша ағарту жұмыстары ұйымдастырылды.

Sanaly urpaq сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы барлық студенттер мен оқытушыларды РПТК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді қатысуға, сондай-ақ «Таза сессияны» өткізуді бақылауға және сапалы білім алу құқықтары шеңберінде әділдікке қол жеткізуге шақырады.

Клуб мүшелері білім беру процесінің барлық қатысушыларынан сыбайлас жемқорлық көріністері немесе бұзушылық фактілері туралы хабарлауды сұрайды. БІЗДІҢ КОЛЛЕДЖДІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ТАЗА ЕТЕЙІК!

«Sanaly urpaq» клубының төрағасы – Тулиев Андрей