Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Рудный политехникалық колледжі» КМҚК

ҰРАН ЕМЕС, НАҚТЫ ӘРЕКЕТТЕР

«Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды» идеясы біздің өмірімізге үлкен әсер еткен адамдар мен оқиғалар туралы есте сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Өз өмірін біз үшін, бейбіт өмір үшін өз жандарын бергендерді әрқашан есімізде сақтаймыз. Жыл сайын «Волонтерлік және қамқорлық» фракциясының «ДВИЖ» отрядының еріктілері зиратқа барып, ауған жауынгері Олег Горгулегконың қабірін тазалап ретке келтіреді.

Биыл 16 мамырда К-23- Темір жол көлігінде тасмалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару тобының бірінші курс студенттері: Шагун Дмитрий, Алимбаева Аруна, Орлов Данил, Каюмов Руслан, Кулаков Арсений азаматтық борынышын көрсетті. Балалр басқада ауған жауынгерлерінің қабірлерінеде тазалық жасады. «Енді біз Рудныйдың ауғандық батырларымыздың қайда жерленгенін білеміз!» деп болашақ тасмалдауды ұйымдастырушы – техниктер  мақтанышпен айтты.

Ешкім ұмытылмайды – ештеңе ұмытылмайды. Батырлар туралы естелік әрқашан біздің жүрегімізде болады. Олардың тарихы мен жетістіктерін есте сақтау және құрметтеу маңызды, өйткені олар біздің ұлттық болмысымызды қалыптастыруға көмектеседі. Біздің өміріміз қысқа және бұл жерде бізге қанша уақыт берілгенін білмейміз. Сондықтан біздің өміріміз мағыналы болатындай өмір сүру керек және біз де адамдардың жадында із қалдыруымыз керек.