ЖЕТІСТІК ПЕН ТАБЫСТЫҢ ЖАҢА АЛЛЕЯСЫ

 

Рудный политехникалық колледжінің аумағы 17 ағашқа көбейді.

СТУДЭНЕРДЖИ студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің және директордың ТЖ жөніндегі орынбасары С. Ширшованың бастамасымен екі «Халық Қаһарманы»: Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры, тұңғыш «Халық Қаһарманы», армия генералы С.Нұрмағамбетовтің және Ұлы Отан соғысының батыры, «Халық Қаһарманы» Р. Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай пирамидалық теректер отырғызылды.

Колледж директоры А. Сағнаевтың құттықтау сөзі осы іс-шараға қатысушыларды оң көзқарасқа бейімдеп, оқиғаның маңыздылығын атап өтті. Аманжол Нәбиұлы өз сөзінде РПТК студенттерінің ЖЕТІСТІКТЕРІ мен ТАБЫС терек аллеясы Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс Күні қарсаңында пайда болғанын және «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» республикалық экологиялық акциясы аясында құрылғанын атап өтті. Жас көшеттер колледж аумағын көркейтіп, студенттердің бірнеше буынына жайлылық, таза ауа сыйлайды.

Ағаштарды отырғызу және күту – бұл керемет және пайдалы іс-шара ғана емес, сонымен бірге дос болудың керемет тәсілі. Дәл солай болды…Бүгін қаланың құрметті азаматтары мен РПТК үздік студенттерінің достық кездесуі өтті. Әрқайсысы жеке жетістіктер белгісімен белгіленген өзінің жеке ағашын отырғызды. Ағаш отырғызу өте оңай. Сіз оған жарты сағат жұмсайсыз және өмір бойы қолыңыздың ісіне мақтана аласыз.

Мерекенің соңында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Бексейітов тілек айтты, ол аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, жас ұрпақтың ұлы халық батырларын еске алып, құрметтейтініне ризашылығын білдірді.

Көгалдандыру және оған студент жастардың қатысуы тәрбиелік маңызы зор – бірнеше ұрпақ адамдарын біріктіреді.

Бұл іс-шара дәстүрлі болады деп үміттенеміз. Жыл сайын колледж ағаштардың санын көбейтеді, яғни студенттердің қала мен мемлекеттің игілігі үшін жетістіктері артады.

РПТК-тарихты есте сақтайтын және құрметтейтін табысты адамдардың аумағы.