Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Рудный политехникалық колледжі» КМҚК

ССКӨБ АҚ РПТК қонағында «БОЛАШАҚҚА ГИД» АРНАЙЫ ЖОБАСЫ.

ССКӨБ АҚ   РПТК қонағында «БОЛАШАҚҚА ГИД» АРНАЙЫ ЖОБАСЫ.

Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі
бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы.
Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге,
энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты.
Біз қазір жасап жатқанның бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз үшін,
 сіздер өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді
 толық мәнде жүзеге асыра
алуларыңыз үшін жасалып жатыр.

Нурсултан Назарбаев.

Тәрбие беруді дамытудың мәселелеріне, әрине, ерекше назар аудару қажет, өйткені бұл Қазақстанның болашағына, біздің қоғамның құндылықты бағдарларына және өсіп келе жатқан ұрпақтың азаматтық қалыптасуына, тәрбиесіне, шығармашылық дамуына негізделген еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне байланысты. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы осы тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған, оның ықпалы жылдан жылға күшейе береді.

Оның негізгі міндеті – жаңғыртуды күтуден қоғамдық сананы өзгертуге бет алып, ақырғы нәтижеге жету – бәсекеге қабілетті ұлт болу  жолында  нақты қадамдарды жасау. Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысында жаңа креативтік және тиімді жобаларды құруды талап ететін ауқыт келді.

Осыған байланысты 2020 жылғы 23-қаңтарда Рудный политехникалық колледжінің оқу залында «БОЛАШАҚҚА ГИД» жобасының тұсаукесері өтті. Осы жобаның бастамашысы – колледждің әлеуметтік серіктесі, Рудный қаласының кәсіпорны, Eurasian Resources Group (ERG) құрамына енген темір кенді өндіру және байыту саласындағы ең ірі қазақстандық кәсіпорын Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі.

Бүгін комбинат балаларды өндіріске экскурсияға апару түріндегі дәстүрлі кездесулерден бас тартқан. «ССКӨБ» АҚ студенттерге қонаққа келді!

Жобаның мақсаты: кәсіпорынның имиджін арттыру және барлық негізгі мамандықтар бойынша колледж бітірушілері арасында жұмыспен қамту позицияларын бекіту.

Осы шараны өткізудің міндеттері: бейресми жағдайда жастармен кездесу, ССКӨБ АҚ мүмкіндіктері туралы оларға хабарлау, жастардың жан-жақты дамуына нақты жағдай жасайтын шаралар мен платформаларды қолдайтын әлеуметтік бағдарламалармен таныстыру.

Іс-шараға 2-курстың білім алушылары, «Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Тау-кен электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» және «Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша болашақ орта буын мамандары қатысты.

Колледж директоры Ишмухамбетов Абдрахман Алтыбаевич және ССКӨБ АҚ кадрларды даярлау бойынша оқу орталығының басшысы Фоменко Ильяс Сатуевич ресми ашылу рәсімін өткізді.

Одан кейін білім алушылар  ССКӨБ АҚ спикерлерімен дәстүрлі емес түрде танысты. КДОО  кадрларды даярлау бойынша жетекші инженері Михаил Шестаков сергектік сыйлайтын таңғы жаттығуларды өткізді. КДОО кадрларды даярлау бойынша инженері Алиса Курбаналиева қатысушыларды Тренинг қағидаларымен таныстырды және студенттерді ынталандыру мақсатында белсенді қатысқаны үшін жүлделі  сыйлықтар табыс етіледі деп жариялады.

Командаларды таныстыру байқауы шараның  ең жарқын сәттерінің бірі еді. Әр топ өздерін және топ мүшелерімен таныстырды. Білім алушылар өз жақсы жақтары мен жетістіктерін көрсетті.

Нәтижесі көрсеткендей, бүгін мұнда «ССКӨБ» АҚ практикадан өту арқылы таңдалған мамандықтың аясында өз кәсіби және жеке қасиеттерін дамыта білетін, спортпен айналысатын, креативтік және қызықты балалар жиналды.

Қорытынды: студенттер комбинаттың әлеуметтік саясаты туралы мәлімет алды, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған тренингтерге қатысып, адамның өміріне, карьерасына және қоғамдық мінез-құлығына ықпал ететін құндылықтарды анықтады, өндірістегі тәлімгерлер оларға кәсіпорында карьералық өсудің нақты перспективаларын түсндірді

Колледждің болашақ түлектері «ССКӨБ» АҚ көшбасшысы мөделін құру жұмысына белсене қатысты. Осы кәсіпорынның газеттік өнімінен алынған ақпараттық фразалар мен ілікпе сөздерін, фотосуреттер мен суреттерді пайдаланып, балалар нағыз көшбасшыға тән қасиеттерді іріктеп алды.

Іс-шараның барлық қатысушылары «ССКӨБ» АҚ атаулы күнделіктерімен марапатталды. Ал ең креативтік бес студент  «ССКӨБ» АҚ Персонал бойынша департаментінің директоры Павлов Дмитрий Владимировичтің тұлғасынан «Rudny Cinema» кинотеатрінің билеттерімен марапатталды. Осы сыйлық алған білім алушылар:

Голянищев Максим, Бегенов Дамир, Панакшина Галина, Калдыбаева Малика және Мирошниченко Денис.

Осы жобаға 40 студент қатысқан. Әлеуметтік серіктестер 2-, 3- курстардың білім алушыларының максималдық санын қатыстырып, осындай кездесулерді тоқсан сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Білімді, өнегелі, іскер адамды тәрбиелеуге және бәсекеге қабілетті, прагматикалық, күшті, жауапты, шығармашыл тұлғаны – Біртұтас ұлт тұлғасын қалыптастыруға әлеуметтік тапсырыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім»  қосымша бағдарламасын іске асыру аясында осындай жобаларды ұйымдастыру және өткізу арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп қоғам мен мемлекеттің замануи қажеттіліктеріне бағытталған біртұтас тәрбие жүйесі құрылады.