Семинар – методический мост с международным участием
2019 жылдың 19 наурызында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК базасында «ТжКБ педагогы: кәсіби – педагогикалық мәдениеттен құзыретті маманға» тақырыбында халықаралық қатысумен әдістемелік көпір семинары өтті.
Семинарға Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ «Я.П.Осадчего атындағы Челябі өнеркәсіп және қалалық шаруашылық техникумы» мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесінің өкілдері, директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, Задорожная Надежда Викторовна және директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Рыбакова Елена Васильевна қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 42 адам.
Семинар-әдістемелік көпірдің мақсаты, ол жас мамандардың кәсіби өсуіне ықпал ететін әдістемелік көмек көрсету бойынша Қостанай және Челябі облыстарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесімен алмасу болып табылады.
Семинардың бірінші бөлімінде «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК – да жас педагогтармен әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәжірибесі (баяндамашы-О.В.Амелина) және «Білім беру ұйымы жағдайында педагогикалық өсудің базалық үлгісі ретінде педагогтың кәсіби стандарты» (баяндамашы-Е.В.Рыбакова)
Семинар қатысушылары жас мамандар мен олардың тәлімгерлерінің 4 екілік сабақтарына қатысты.
Семинардың екінші бөлімінде Г.М.Утегенова, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетінің техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын дамыту бөлімінің басшысы және А.К. Тайжанова, ТжКБ ұйымдарының әдіскерлері облыстық оқу-әдістемелік бірлестігінің басшысы және диретордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасарлары мен Н.В.Задорожная,ф.ғ.к,Я.П.Осадчего атындағы Челябі өнеркәсіп және қалалық шаруашылық техникумы»ГБПОУ директордың ОӘЖжөніндегіорынбасары – Жас мамандар мектебі жұмысын ұйымдастыру жөнінде мастер-класс өткізді.
Семинар барысында Қостанай және Челябі облысының білім беру үдерісіне қатысушылар арасында жас педагогтармен жұмыс істеу саласында нәтижелі диалог, тәжірибе алмасу өтті. Семинарға қатысушылар іс-шараны өткізудің стандартты емес түрін, Ресей Федерациясынан әріптестерді тартуын, нәтижелі және мейірімді жағдайды атап өтті. Семинардың әрбір қатысушысы жас педагог мектебінің ақпараттық кейсін алды.