Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Рудный политехникалық колледжі» КМҚК

Р.В. Овчарованың 10 тәлімі

1. Жабырқама! Жабырқаушы сәтсіздікке ұшырайды.
2. Қорықпа! Қорқақ жеңіліске ұшырайды.
3. Еңбек ет! Табысқа жетудің басқа жолы жоқ.
4. Ойлан! Бір нәрсені істегенше ойлан, істеп болған соң да, ойлан, сонда ғана қателеспеуге үйренесің.
5. Өтірік айтпа! Сонда сенің достарың көп болады. Өзіңді алдама және психологиялық қорғаныс туралы ұмытпа.
6. Өзіңе және өзіңнің қылықтарыңа сырттан, басқалардың көзімен қарауға үйрен, сонда көп нәрсеге түсінесің.
7. Әрқашанда өзіңмен-өзің бола біл, өз жолыңмен жүр. Осы жағдайда сен дара тұлға бола аласың және ойлаған мақсатыңа жетесің. Басқа жағдайда сен әрқашанда жолшыбай боласың да сенің көздеген емес басқалардың көздеген мақсатына келесің.
8. Жаман адамдардан қашып жүр, олар тек жамандыққа апарады.
9. Саған қайырымдылық жасаған адамдарға, ата-анаңа, әжеңе, атаңа ризашылдық білдір. Риза болмау — ауыр күнә. Үлкендерді тыңда, сонда сен көп қиындықтардан құтыласың.
10. Осы тәлімдерді жазып ал. Қайта-қайта оқы. Мұнда халықтардың ғасырлар бойы жинақталған даналығы бар.