(Русский) Миссия, Стратегия развития колледжа

Колледж миссиясы:

Өзінің кәсіби әлеуетін іс жүзінде жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру және дамыту

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Қоғам мен жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тиісті деңгейдегі және бейіндегі құзыретті маманды дайындау.

Әдістемелік тақырып:

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құзыретті маман даярлаудың шарты ретінде».

Колледждің білім беру саясатының мақсатты басымдығы:

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында сапалы білім беру қызметтерін ұсыну, мемлекеттік тапсырыс пен жұмыс берушілердің қазіргі заманғы сұраныстарын ескере отырып, білім берудің инновациялық сипатын қамтамасыз ету.

Колледж жұмысының міндеттері:

  1. Білім беру ортасын және оқу процесінің сапасын табысты дамыту үшін барлық деңгейлерде басқарушылық қызметтің тиімділігін арттыру.
  2. Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартының талаптарына сәйкес мамандықтар бойынша негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыру.
  3. Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасау.
  4. Кәсіби стандарттар талаптарын ескере отырып, оқу және өндірістік тәжірибелердің мазмұны мен ұйымдастырылуын жетілдіру.
  5. Кәсіптік бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыру жүйесін жетілдіру.
  6. Тәрбие жұмысының жүйесін Тәрбие тұжырымдамалық негіздерін ескере отырып жетілдіру.
  7. Оқу-материалдық базаны дамыту және білім алушылардың қызметін ұтымды ұйымдастыру арқылы олардың денсаулығын сақтау және нығайту.