БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖЕТІСТІГІ — ОТБАСЫ МЕН КОЛЛЕДЖ ӘРІПТЕСТІГІНДЕ

26 қыркүйекте Рудный политехникалық колледжінде «Балаларымыздың жетістігі — отбасы мен колледж әріптестігінде» тақырыбында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.

Іс-шараға әкімшілік, оқытушылар және студенттердің ата-аналары қатысты. Колледж директоры А.Н. Сагнаев кіріспе сөз сөйлеп, 2024–2025 оқу жылының қорытындысын шығарып, алдағы кезеңнің негізгі міндеттерін атап өтті.

Оқу үрдісінің ерекшеліктері мен бірінші курс студенттерінің бейімделу мәселесін тау-кен тасымалдау бөлімінің меңгерушісі Ю.П. Лазебная баяндады. Ол өз сөзінде: бірінші оқу жылы болашақ кәсіби және жеке табыстың негізі болатынын атап өтті.

Құқықбұзушылықтың алдын алу және студенттердің қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді шақырылған спикерлер талқылады:

  • Рудный қалалық прокуратурасының аға прокуроры М.Т. Сарсенбаев интернет-алаяқтық және жастардың «дроппер» сызбаларына тартылу қаупі туралы айтты.

  • Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Н.К. Жайберген есірткі тұтынудың алдын алу тақырыбында сөз сөйлеп, отбасы мен мемлекеттің бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

  • Педагог-психолог Ю.Н. Кулиш ата-аналардың назарын дәрі-дәрмектен улану мәселесіне аударып, алдын алу бойынша практикалық кеңестермен бөлісті.

Жалпы бөлімнен кейін жұмыс топтарда жалғасты. Ата-аналар сынып жетекшілерімен оқу жылының қорытындысын, болашағын талқылап, «Тәртіптің ең керемет мектебі – бұл отбасы» семинарына және ата-аналар комитетін сайлауға қатысты.

📌 Жиын қорытындысы дәлелдеді: студенттердің толыққанды тәрбиесі мен табысты болашағын тек отбасы мен колледж әріптестігі арқылы қамтамасыз етуге болады.