80 лет системе технического и профессионального образования

Рудный политехникалық колледжінің тағдыры қаланың тағдырымен тығыз байланысты. 1956 жылы ол кешкі оқу нысанымен құрылыс техникумы ретінде Рудный қаласынан да ертерек пайда болды. Ұзақ уақыт аралығында колледж бірнеше рет өз атауын өгертті: Соколов – Сарбай индустриалдық техникумы, Рудный индустриалдық техникумы, Рудненский политехникалық техникумы, Рудный политехникалық колледжі.
64 жыл бойы керемет басшылардың тобы колледжді басқарып отырды, әрқайсысы колледжді қаладағы және қаладан тыс жерлерде сұранысқа ие, заманауи оқу орнына айналдыру ісіне өз үлесін қосқан: Богатов М., Соловьёва В., Вульф Р., Стрелков С., Глебова С., Гурьевский Е., Маркабаев С.
2016 жылдан бастап Ишмухамбетов Абдрахман Алтыбаевич колледжді басқарады. Дуалдық оқыту, ерте кәсіптік бағдарлау бағытындағы сабақтар, кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша 16 әлеуметтік серіктес, Челябы облысының 8 ұйымы халықаралық ынтымақтастық аясында колледжбен қызметтеседі – бұл колледждің бүгінгі сипаттамасы.
Ұзақ жылдар бойы оқу орнында жұмыс істеген көптеген дарынды оқытушылар да колледждің жақсы атағына өз үлесін қосқан: Белавин В., Якунина Н., Зинкина Н., Распопов Н., Галкин Н., Щенникова Л., Кизимова А., Кожина Н., Хусаинова Ф., Зимина Т., Коврижникова Г., Меньшикова Н., Форикова Л., Боева Л., Журавлёва О., Конкабаева В., Перепелина И., Ларионова Р., Войтенко Н., Меньшикова Е.
Бүгін жас, жіргелі мамандар колледжге келді: Салихова С.- директордың ОІ жөн. орынбасары, Амелина О. – директордың ҒЖ жөн. орынбасары, Ширшова С. – директордың ТІ жөн. орынбасары, Бодуговская Н. – директордың ОӨЖ жөн. орынбасары. Бөлімдердің меңгерушілерінің құрамы да жаңартылды: Юрченко И., Лазебная Ю., Кузнецова А., Даненкова Ю., олар колледждің оқытушыларымен бірге жаңа әдістер мен технологияларды меңгеруде.
Колледждің педагогикалық ұжымы жоғары кәсіби шеберлігімен, шығармашылық көзқарасымен, азаматтық белсенділігімен ерекшеленеді: колледжде 57 жұмыс істейді, олардың ішінде 24 қызметкер жоғары санатқа, 11 адам бірінші санатқа ие, 8 магистр және 1 Phd докторы.
Ұзақ жылдар бойы колледж еңбек нарығында сұранысқа ие түрлі мамандықтарды алған мыңдаған мамандарды даярлап шығарды.
Колледж 9 мамандық бойынша тау-кен, теміржол, электромеханикалық бағыттағы орта буын мамандарын даярлап, «ССКӨБ» АҚ қала құраушы кәсіпорнының қажеттіліктеріне толығымен бағытталған.
Әлем өзгереді, заман өзгереді, бірақ техникалық еңбек әрқашан қажетті және сұранысқа ие болады.
Техикалық және кәсіптік білім берудің әрбір қызметкері еңбек жасап, нәтижеге жеткен соң энергия зарядын алсын, мемлекетіміздің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесін қоссын!